Маңғыстау өнер колледжі – арнаулы орта оқу орны. 1993 жылы Министр Кабинетінің қаулысымен ашылған. Қазір колледж 5 мамандық 8 біліктілік бойынша мамандар даярлайды. Колледжде есімдері елге танымал, тәжірибелі мамандар жұмыс жасайды. Олар өздерінің өнерлерімен алуан түрлі республикалық, облыстық байқаулар мен көрмелердің жеңімпаздары атанған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;

Тарихы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің №135 бұйрығына сәйкес 1993 жылы 1- қыркүйектен бастап Ақтау қаласында Маңғыстау өнер училищесі ашылды. Маңғыстау өнер училищесін құрып, ашылмай тұрып музыкалық аспаптармен жабдықтап, материалдық базасын нығайтуда еңбек сіңірген ардақты азамат оның тәй басуының басында болған сол кездегі облыстың мәдениет басқармасының бастығы Құжырғали Төлеуішов болатын.

Сол кездегі мәдениет министрі С.Әшіляев қол қойған №215 бұйрығына сәйкес алғашқы директор болып тағайындалған Аманбек Сүндетов еді. Аманбек Сүндетов бұл оқу орнын орнықтырудың игілікті жемісін көрсетіп, колледжді 2016 жылға дейін абыройлы басқарып келді.

2016-2024 жж. колледж директоры қызметін Манова Жайнаш Утепкалиевна атқарды. Облыстық білім басқармасының қолдауымен колледждің материалдық-базасы жылдан жылға жақсаруда. Хорға, қобызшы, домбырашылар ансамбліне, оркестрге арнап ұлттық киімдер тіктірілді. Барлық кабинеттер аспаптармен жабдықталған. Соңғы екі жылда концерттік екі рояль, көп колледждерде жоқ маримба және ұрмалы аспаптардың толық жинағы алынды. Колледж студенттері республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері.

Осылайша Маңғыстау өнер колледжі қазіргі заман талабына сай жұмыс жасап келеді.

Белгілі ұстаздары Сержан Ысқақұлы Шәкрат Айтберген Жаңбыршы Аманбек Махуұлы Сүндетов Ханшайым Балапашқызы Роза Тайманқызы Айдарбаева Нұрша Нұғманқызы Құбалиева Людмила Сергеевна Вяльшина Айтбай Қонысбайұлы Құлбай

Белгілі түлектері Абылай Тілепбергенов Асан Нұрбергенов Серік Сариев Мақсат Сүлейменұлы Шороханов Шолпан Саламатқызы Берікбаева [Анна Борисовна Меньшенина] Гауһар Райысқызы Қалақанова Майра Жолболдықызы Қоңырова Әлібек Қанатқалиұлы Мұратов Айман Саламатқызы Берікбаева Әйгерім Даниялқызы Хасанова Сәбит Тұрсынбекұлы Шектібаев Тынышбек Пайызханұлы Балтабаев Мадина Сәрсенбекқызы Өтепова Нұрболат Ерболатұлы Мұсағалиев Дина Ғалымқызы Бауыржан Асқарұлы Көбенғалиев Жұпар Ерсайынқызы Кемелбекова Ажар Іңірбайқызы Көбегенова Мира Қуанбайқызы Тоқсанбаева Гүлнара Жауынбекқызы Жолдасбаева Серік Мұхамбеткәрімұлы Сариев Ғазиза Күбірбайқызы Ұзақбай Салтанат Базарбекқызы Боранова Амалия Раисовна Гайнанова Жұмагүл Темірханқызы Түйте Гүлжан Сайынқызы Өтепова Ақмарал Ерімбетова

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау облысы колледждері