Баянды – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы ауыл, Баянды ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Маңғыстау ауылынан солтүстікке қарай 11 км-дей жерде орналасқан.

Халқы 1999 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 867 1919 7758

Тарихы Ауыл 1973 жылы Қазақ КСР-і ауыл шаруашылығы министірлігінің бұйрығымен мал дайындайтын және бордақылайтын арнаулы шаруа бірлестігі болып құрылды. 1981 жылы жаңадан құрылған Мұнайлы ауданына қараған.

Инфрақұрылымы Елді мекенде орта мектеп, фельдш.-дәрігерлік пункт, кітапхана бар.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;

№3 орта мектеп — 1983 жылы Баянды бастауыш мектебі болып ашылған. Бала санының артуына байланысты, мектеп қажеттігіне орай, 1985 жылы Баянды 8 жылдық мектебі болды. 1989 жылы 30 қарашада Форт Шевченко қалалық оқу бөлімінің №323 бұйрығымен Баянды орта мектебі болды. Мектеп атауы 2014 жылдың 06 наурызындағы Мұнайлы аудандық әкімдігінің №72-қаулысымен «№3 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мекемесі болып өзгерді.Мектеп тарихы №7 «Айналайын» балабақшасы

Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығы саласында 43 шаруа қожалығы мен жеке қожалықтары бар. 2016 жылдың 2-жартысындағы есеп бойынша 4310 бас қой, 1198 ешкі, 1036 жылқы, 1126 бас түйе, 93 бас сиыр малдары болды. Ауыл аумағында құс фабрикасы жұмыс жасап тұр.

Дереккөздер

Санат:Мұнайлы ауданы елді мекендері