Қожахмет Демеубергенұлы (1950 жылы туған, Маңғыстау ауданы, Кәрі қыстағы) – сатирик-журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Өмірбаяны Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген (1978). Маңғыстау, Мұнайлы ауданы газет редакцияларында және облыстық телеарнада отыз жылға жуық журналистік қызмет атқарған.
Шығармашылығы және марапаттары Республикалық газет-журналдарда мақалалары жарияланып тұрады.
Республикалық «Ара» сатиралық журналының шығарм. бәйгесінің жеңімпазы (1988).
Сықақ әңгімелері: «Быды-быды» (1982), «Күлеміз бе, қайтеміз?» (1989), «Алтыбақан» (1990), «Тамаша» (1994), жинақтарына енген. «О несі-әй?» (1991), «Әйелдерімізден айналдық» (2003) атты әзіл-сықақ жинақтары жарық көрді.
«Күллі әлемнің күлкісі» халықаралық фестивалінің жеңімпазы. Бірнеше қайырымдылық акциялардың авторы.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан журналистер одағы мүшелері