Сақтап Дәулетбайұлы (1914, Маңғыстау ауданы Ортаеспе ауылы – 1987) – соғыс және еңбек ардагері. Орал қаласындағы мал шаруашылығы курсын бітірген (1939). 1930 – 1941 жылы Ортаеспе ауылдық кеңесіне қарасты ауылда балықшы, Голощекин атындағы ұжымшарда бригадир, ферма меңгерушісі, ауданы жер бөлімінде зоотехник болып істеді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946 – 1953 жылдары Жыңғылды, Чапаев ұжымшарларында басқарма бастығы, 1954 – 1956 жылдары Ленин ұжымшарында мал дәрігері, ферма меңгерушісі, 1966 – 1974 жылдары Бейнеу ауданы тұтынушылыр қоғамында қызмет атқарған. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар