Владимир Дмитриевич Вольховский (1798, Полтава губерниясы – 1841) – Маңғыстауды зерттеуші, генерал-майор (1831). Мәскеу мемлекеттік университетінің пансионатында тәрбиеленген (1811). Осында А.Грибоедовпен достасады. Император патша селосы лицейінде А.С. Пушкинмен бірге оқып, аталған оқу орнын алтын медальмен бітірді (1817). Бас штабқа қызметке тұрып, поручик (1819) атағын алады. 1820 жылы Бұхара экспедициясына қатысып, Орынбор-Бұхара жолын зерттеді, Арынғазы сұлтанмен кездеседі. 1824 – 1826 жылдары Орынбор корпусына іссапармен жіберіліп, полк. Ф.Берг экспедициясының ғылыми және әскери барлау ісіне жетекшілік етті. Экспедиция кезінде жолбасшы қазақтардан ауызша сұрап, Маңғыстау, Үстірттің керуен жолдарының бағытын хаттайды. А.О. Дюгамельмен бірге экспедицияның жолын картаға түсіріп, бірнеше шақырымдық карта сурет жасайды. Шолғыншы жасақты бастап, Арал теңізіне барады. 1826 жылы 6 наурызда Сарайшықта декабристермен байланыста болғаны үшін тұтқынға алынып, Санкт-Петербургке тергеу комиссиясына жіберіледі. Комиссия оның көтеріліске қатыспағанын, Бұхара, Үстірт сапарларындағы еңбегін ескеріп, Кавказға жібереді. Вольховский Кавказда Бестужев-Марлинскийге, т.б. декабрист достарына көмектеседі. Лермонтовқа қол ұшын береді. Персия шахымен келісім жүргізуге барады. Пушкин Вольховский есімін көптеген шығармаларында ілтипатпен атаған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер
Санат:1798 жылы туғандар Санат:7 наурызда қайтыс болғандар Санат:1841 жылы қайтыс болғандар Санат:4 дәрежелі Әулие Владимир орденінің иегерлері Санат:3 дәрежелі Әулие Владимир орденінің иегерлері Санат:Қылышты II дәрежелі Әулие Анна орденінің иегерлері Санат:IV сыныпты Әулие Георгий орденінің иегерлері Санат:Ержүректігі үшін алтын қаруының иегерлері Санат:1 дәрежелі Әулие Станислав орденінің иегерлері Санат:1 дәрежелі Арыстан мен Күн орденінің иегерлері Санат:Мәскеу университеті пансионының түлектері Санат:Царское село лицейінің алғашқы түлектері Санат:Ресей империясы генерал-майорлары Санат:Кавказ соғысының қатысушылары Санат:Орыс-парсы соғысының (1826-1828) қатысушылары Санат:Орыс-түрік соғысының (1828-1829) қатысушылары Санат:Поляк көтерілісін (1830-1831) жаншуының қатысушылары Санат:Декабристер