Әнес Бүркітбаев(1935, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы – 2000) – мұнайшы. Әзірбайжан мұнай және химия институтын бітірген (1959). 1959 – 1963 жылдары «Ембімұнай» бірлестігінде бұрғышы, мастер, аға инженер. 1963 – 1965 жылдары «Маңғышлақмұнайгаз» тресінде мастер, аға инженер. 1965 – 1967 жылдары Өзен геол.-барлау экспед-нда бас инженер. 1967 – 1973 жылдары «Өзенмұнай» басқармасында техника бөлімінің. 1973 – 1997 жылдары «Жетібаймұнай» мұнай-газ басқармасында, Маңғыстау облысы кен қадағалау инспекциясында басшылық қызметтер атқарған. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндіріс бөлімінің бастығы. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар