Ханбибі Сенбайқызы Дүйсенбаева (1955, Маңғыстау ауданы, Тұщыбек ауылы — 1987, сонда) — әнші, халық әндерін орындаушы. Екі дүркін Бүкілодақтық фестивальдің лауреаты, Маңғыстау қыздарының ішінен шетелде бірінші болып өнер көрсеткен сахна қарлығашы, «Шығыс аруы» атанған.
Балалық шағы және білімі Ханбибі Сенбайқызы Дүйсенбаева 1955 жылы Маңғыстау ауданы «Қызылтаң» колхозына қарасты Қандыбас жерінде дүниеге келген. Өнерді сүйген отбасынан шыққан.
1962 жылы 1 қыркүйекте Жыңғылды жеріндегі В.Куйбышев атындағы сегіз жылдық мектеп-интернатқа оқуға түсті, кейін орта мектепті бітірді. Мектеп табалдырығын аттағанда алғашқы орындаған әні — «Алақай». Бастауыш сыныптардан бастап өз бетімен домбыра тартып үйренді. Алғашқы ұстазы — танымал күйші, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, өнертанушы Серік Харесов.
1970 жылы В.И.Лениннің 100 жылдығына орай өткен облыстық фестивальдің лауреаты болды.
Студенттік жылдар және «Айгүл» 1973 жылы Гоголь атындағы Алматы қыздар педагогикалық институтының музыка факультетіне оқуға түсті. 1-ші курстан бастап тікелей «Айгүл» вокалды-аспаптар ансамбліне қабылданды.Байдуллаева Ж. «Дүйсенбаева Ханбибі Сенбайқызы». — Алматы: «Нұрлы Әлем», 2026. — 136 б. «Айгүл» — 1968 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты жанынан құрылған, тек қыздардан тұратын Қазақстандағы алғашқы танымал вокалды-аспаптар ансамблі. Репертуарынан қазақтың халық әндері, басқа ұлттардың ән-билері орын алды. Ансамбль Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1977–1978), «Халықтың шығармашыл ұжымы» атағын иеленді (1975), «Алло мы ищем таланты» Бүкілодақтық телебайқауының лауреаты болды (1969). 1975 жылы «Айгүлге» «Халық ансамблі» құрметті атағы берілді. Ханбибі ансамблінің негізгі алғашқы құрамында болды. Оның орындауындағы «Әнші даусы» әні мен «Адай» күйі ансамбль бағдарламасының кульминациясы болатын.
Шетелдік гастрольдер «Айгүл» ансамблі құрамында Ханбибі бірнеше шетелде гастрольдік сапарларда болды: ЕлЖылПольша1970Франция1972Югославия1973Жапония1976Моңғолия1977Германия1978 Сонымен қатар Алматы мен Мәскеуде өткен мемлекеттік деңгейдегі концерттерге қатысты. 1975 жылы орыстың атақты әншісі Л. Лещенко қарсы алған Қазақстан өнер делегациясы құрамына қатысты. 1979 жылы Лейпциг қаласындағы Халықаралық жәрмеңкеге, 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының мәдени бағдарламасына қатысты.
Педагогикалық қызметі және «Жастар» ансамблі Жоғары оқу орнын бітіріп, 1977 жылы аудан орталығындағы Шетпе өнер мектебіне қызметке орналасып, шәкірттер тәрбиеледі. Бірнеше өнер жұлдыздарын қанат қақтырды.
Жоғары оқу орнын бітірген соң жүрегі ән мен күйге толы Ханбибі негізгі қызметін жасай жүріп, аудан орталығы мәдениет үйі жанындағы «Жастар» ансамблінің тұрақты мүшесі болып, халыққа өнер көрсетті. «Жастар» ансамблі мерекелік жиындарға ғана емес, қоғамдық мәні бар үлкен шараларға да атсалысты. Ханбибі бірнеше қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрді. Шопандар тойы жылма-жыл Үстірт үстінде өткізілетін.
Қайтыс болуы Ханбибі 32 жасында 1987 жылы өмірден өтті.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар