Жұмсақ бидай () – астық тұқымдасының бидай туысына жататын, биіктігі 50-180 см-ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік.
Сабағы тік, жапырағы жалпақтау таспа тәрізді, сабақ бойыны қыгап арқылы орналасады. Гүл шоғыры 4-5 гүлден тұратын масақ. Таралуы Қазақстан мен Сібірдің далалы аймақтарында көптен себіледі. Өнімділігі жоғары. Химиялық құрамы Негізгі құрамдық бөлігі – крахмал. Одан басқа белоктық заттар, витаминдер болады. Қолданылуы Крахмалдың өндірістік көзі болып табылады. Сонымен қатар бидай дәндерінен Митрошин сұйықтығы дайындалып, тері ауруларын емдеуге қолданылады.
Тағы қараңыз Қылтықсыз бидай
Дереккөздер
Санат:Астық тұқымдасы