Радиотолқынның поляризациясы — радиотолқын кеңістікке тарағанда оның құраушыларының бірі болып табылатын электр өрісі кернеулігінің векторы (Е) кез келген бағытта бағытталуы мүмкін. Бірақ ол магнит өрісі кернеулігінің векторына (Н) перпендикуляр. Егер вектор Жер беті жазықтығына перпендикуляр болса, онда радиотолқын вертикаль поляризациялы, ал параллель болса — горизонталь поляризациялы делінеді. Байланыста және радиохабар таратуда радиотолқыңцы горизонталь полярлықпен таратады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника