Балтабаев Қылыш (1925, Адай уезі, Шетпе ауылы) – соғыс және еңбек ардагері.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; Гурьев зооветеринарлық техникумын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1948 – 74 ж. Маңғыстау ауданы шикізат дайындау кеңсесінде, ауданы машина-трактор станциясында есепші, 1974 – 80 ж. мамандандырылған шаруашылық директоры, жөндеу құрылыс басқармасының, тұрғын үй пайдалану телімінің бастығы болды. Қызыл жұлдыз, Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 Дереккөздер
Санат:Тұлғалар