Төменнен жаһандану -[швед. Globalisering Underifran] - парламентте орын алмаған солшылдардан, радикалды топтар мен жеке адамдардан құралған швед ұйымы. "Халықтың ғаламдық әрекеті" (Peoples Global Action) бүкіләлемдік желісінің бір бөлігі. Ұйым жаһандануға қарсы емес, бірақ, "жоғарыдан жаһандануға" қарама-қарсы, барлық мемлекеттерге еркіндік пен демократияны ұсынатын бүкіләлемдік жаһандануды қолдайды. Келесідей себептермен ол Еуропа одағына қарсы шығады: 1) Еуропа одағы шынайы демократияға сықақ ретінде қарастырылады; 2) Еуропа одағы одақтың ішінде де, ғаламдық деңгейде де байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтықты үдете түсуге үлкен үлесін қосқан саяси жоба ретінде көрінеді; 3) ұйымның пікірінше, Еуропа одағының сыртқы саясаты барған сайын әскери ұйымдардың әдісін азаматтық қарым-қатынас ісінде орнатуда. "Төменнен жаһандану" капитализмді, империализмді және феодализмді жоққа шығарады, балама жаһандануға талпынады. Оның философиясы орталықсыздандыру мен автономияға негізделген. Басқа құралдармен бірге азаматтық бағынбаушылық пен тікелей әрекет етуді қолданады.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Дереккөздер

Санат:Саясат