Радиоқабылдағыштың жаңғырту сапасы — қабылдағыштың жаңғырту сапасы өз шығысындағы модуляцияланған сигналдың көмкеруші сызығын кірістегі сигнал пішініне сәйкес жаңғырту қасиетімен сипатталады. Қабылдағыштың өткізу жолында сигнал бірқалыпты күшейтілмейді, сондықтан жиіліктік бұрмалану, ал сигналдың сызықтық емес вольт-амперлік сипаттамасы бар тізбектер арқылы өтуінен — сызықтық емес бұрмалану, синусоидалық емес сигналдың гармоникалық қүраушыларының фазалық қатынасының бүлінуінен — фазалық бұрмалану орын алуы мүмкін. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника