Дүйсенбай Алтынбеков (1889, қазіргі Арыс ауылы - 24.12. 1943) — жергілікті басшы, Отырар аудандық аткомының тұңғыш төрағасы (1935-39).
1922 жылы Ташкент қаласындағы мұсылман кәсіптік техникумын бітірген. 1922—23 жылы сотта арыз тіркеуші, орындаушы, 1923—29 жылы Шымкент, Қазалы, Әулиеата уездік прокурорының көмекшісі, 1929—30 жылы Торғай ауданында прокурор, 1931—33 жылы Шәуілдір құрылысы басқармасының бастығы, 1933—35 жылы МТС директоры қызметін атқарған. 1930— 31 жылы ұзындығы 33 км-лік канал қазу ісін басқарды. 1935—39 жылы Отырар ауданының атком төрағасы болып қызмет етті.
1939 жылы "халық жауы" деген жаламен тұтқынға алынған. 1956 жылы ақталды.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:1889 жылы туғандар Санат:Арыста туғандар Санат:24 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1943 жылы қайтыс болғандар Санат:Отырар аудандық атқару комитетінің төрағалары Санат:Ташкент мұсылман кәсіптік техникумы түлектері Санат:Қазақстан прокурорлары Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:КСРО-да ақталғандар Санат:Қайтыс болғаннан соң ақталғандар