Пластикалық массалар (Пластмассалар, пластиктер; пластические массы) — синтетикалық полимерлер негізіндегі заттар. Агрессивті ортаға берік, тығыздығы аз(1900—1400 кг/м3), механикалық өңдеуге оңай көнетін материалдар. Пластикалық массалар қасиеттерінің әр түрлілігі олардың электрондық аспап жасауда кең қолданылуына жол ашты. Мысалы, полимид негізіндегі стеклопластиктерден 300°С-ка дейінгі температурада жұмыс істейтін монтаждық платоларды жасайды.

Металл және күйе толтырылған Пластикалық массаларды (электр өткізгіш пластмассалар) магниттік экрандар мен магниттік таспаларды, баспалық платоның, резисторлардың, конденсаторлардың жалғаушы шықпаларын жасауда қолданылады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника