"Жаңа оңшылдар" - XX ғасырдың 70-ші жылдары еуропалық мәдениетті қайта жаңғырту идеясын көтерген, Франциядағы зиялы қауым өкілдерінің (А. де Бенц, Ш.Брессаль, П.Виаль, М.Мармен, А.Габор және т.б.) тобы.
Олардың басты идеясы - қазіргі қоғамның және оның мәдениетінің терең дағдарысының негізгі себебін мәдени қүндылықтар жасауга қабілетсіздігі жағынан барлық адамдардың ресми тендігін мойындаған "ескі оңшылдардан" іздеуінде. "Жаңа оңшылдар" қазіргі қоғамды және оның бесігі - Еуропа мәдениетін дағдарыстан аман алып қалудың жолдарын қарастырды.
Сондай жолдардың бірі - рационалистік философиялық мұрадан, демократиялық дәстүрден бас тартып, христиандыққа дейінгі өмір салтына қайтып оралу, адамдардың табиғи және мәңгі теңсіздігі сипатын негіздеуге талпынды.
Санат: Тарих