Дельта - импульс (Delta pulse) — тек t = 0 болғанда амплитудасы 1-ге тең, ал басқа кез-келген уақыт көрсеткішінде амплитудасы 0-ге тең болатын бірлік импульс. Мұндай құраммен импульс құру мүмкін емес, сондықтан бұл түсінік тек қана теориялық есептеулерде қолданылады. Импульстік реакция жүйелерінде қолданылатын кіріске бірлік импульс ретінде әсер етеді. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника