ХVІІІ қысқы олимпиялық ойындар 1998 жылы 7-22 ақпан аралығында Наганода (Жапония) өтті.

Сипаттамасы 72 елден 2338 спортшы, оның ішінде 810 әйел қатысып, спорттың 14 түрінен 68 жарыста жүлделер сарапқа салынды. Жапонияның бас қаласы Токиодан солтүстік-шығысқа қарай 220 км қашықтықта орналасқан Нагано қаласы Халықаралық Олимпиялық Комитетінің 1991 жылдың 15-16 маусым күндері Бирмингемде өткен 97-сессиясында ХVІІІ қысқы Олимпиялық ойындардың астанасы ретінде жарияланды. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына керлингте енгізіліп, әйелдер мен ерлер арасында жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бағдарламаға сноубордингтен екі жарыс түрі қосылып, әйелдер мен ерлер арасында слалом-гиганттан сайыстар өткізілді. Жарысқа түскен 72 елден тек 24-інің гана өкілдері жүлделі орындарға ие болып, жалпы 205 медальдың иегерлері атанды.Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

Медальдар Жалпы санақ№ЕлАлтынКүмісҚолаБары1Германия1298292Норвегия10105253Ресей963184Канада654155АҚШ634136Нидерланд542117Жапония514108Аустрия359179Корея312610Италия2621011Финляндия2461212Швейцария223713Франция215814Чехия111315Болгария100116Қытай062817Швеция021318Украина010119Дания010120Беларусь002221Қазақстан002222Ұлыбритания001123Аустралия001124Бельгия0011Бары696868205

Қа­зақ­стан нәтижесі Қазақстан Наганода – 21 орынды иеленді.

Сыртқы сілтемелер

Санат:1998 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Санат:Жапониядағы спорт