Арнайы міндетті тораптар - жоғары дәлдікті шешуді талап ететін тау-кен технологиясының есептерін орындау үшін (мыс, түйіспелі кен-жарларды жүргізуде) жасалатын пландық және биіктік тораптар.
Әрбір нақтылы жағдайда қажетті өлшеулердің дәлдігі мен әдістемесі күтілетін қателіктер алдын ала негізделген есептеулердің ерекше бағдарламасымен белгіленеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:Тау-кен ісі