XXVI олимпиялық ойындар (ағылш: Games of the XXVI Olympiad) — 20 шілде - 4 тамыз 1996 ж. Атланта, АҚШ, бұл ойындарға 196 мемлекеттен 10 774 спортшы қатысты. Олардың 7060-ы ер кісілер, 3684-і әйелдер.), бұл тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның өз алдына құрама команда жасақтап қатысқан тұңғыш жазғы олимпиялық ойындары еді.

Қазақстан Бұнда біздің жас мемлекеттің спортшылары өнер көрсеткен 196 елдің құрама командаларының арасында жалпыкомандалық ресми емес есепте 22-ші орынға ие болды.

Бұл олимпиялық ойындар сияқты әлемдегі ең үлкен форумда әлі халықаралық тәжірибесі аз жас мемлекеттің үлкен табысы болатын. Бұл жолы құрметіне тәуелсіз еліміздің мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды. Қай кезде де Қазақстан спортының даңқын шығарып келе жатқан боксшылар болатын. Атлантада Болат Жұмаділов күміс медальға ие болды.

Болат Ниязымбетов пен Ермахан Ибрайымов қола медальдарды қанағат тұтты. Василий Жиров бір жекпе- жектен кейін екінші жекпе-жек сайын бабына ене түсіп тоқтаусыз келе жатты. Ақтық бәсекеде оның алдында қарсыласы Әлемнің чемпионы АҚШ-тың Антонио Тревер тұрды. 12:9 есебімен жеңіске жеткен В. Жиров, чемпион атанып қана қоймай, әділ- қазылар алқасының шешімімен ойындардың ең үздік боксшысына берілетін Вал Баркердің кубогіне ие болды. Қазақстандық бессайысшы Александр Парыгин Атланта ойындары қаһармандарының біріне айналды.

Біздің Атлантадағы келесі қаһарманымыз атақты балуан Дәулет Тұрлыхановтың шәкірті грек-рим күресінің шебері Юрий Мельниченко олимпиялық кілемде алтын медальға ие болды.Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

Медальдар

thumb|Спортшылар саны Атланта-96№ЕлдерАлтынКүмісҚолаБарлығы1АҚШ4432251012Ресей262116633Германия201827654Қытай162212505Франция15715376Италия131012357Аустралия9923418Куба988259Украина92122310Корея715527

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:1996 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары Санат:АҚШ-тағы спорт