Еңбек ресурстарының географиясы — еңбек ресурстарының аумақтық құрылымын, оның ішінде олардың құрамындағы, өсіп-өнуі мен пайдаланылуы жағдайындағы аумақтық айырмашылықтарды зерттеумен айналысатын географияның саласы. Сонымен қатар еңбек ресурстарының жыныстық-жастық және кәсіптік құрамындағы, біліктілік деңгейіндегі, шаруашылық саласында пайдаланылу (жұмыспен қамтылуының) дәрежесіндегі, жұмыспен қамтылғандардың шаруашылықтың салалары бойынша бөлінуіндегі, жұмыс істеушілердің жылдық жүктемесіндегі (жұмыспен қамтылудың маусымдық өзгерістеріндегі) аумақтық айырмашылықтарды зерттейді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мекгеп" баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:География және геодезия