Зейін Әліпбек (27 сәуір 1973 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы) - тележурналист, 2015 жылдың наурыз айынан бастап "Білім және мәдениет" арнасының директоры.Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”, 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5.

ҚазҰУ-ді бітірген (1995). 1992-1993 жылдары Қазақ радиосының "Шалқар" бағдарламасында тілші, 1997 жылы "Хабар" агенттігінде "Жаналықтар" қызметінің Бас редакторы болады. Қазір "Жаналықтар" қызметінің продюссері. Телеэкрандағы "Жеті күн" ақпараттық-сараптама бағдарламасының жүргізушісі. Зейін Әліпбек сценарийдегі ойдың өзгешелігі мен көркемдік түрдің жаңалығын, саналуан кадрлардағы құрамдас бөліктер мен сөз және әуеннің құрылымдық өлшем өрнектерінің өзгеше бір поэтикасын телеэкранға алып келген.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар