200px|thumb|right|Дамаскідегі Хеджаз стансасы Дамаск (), Шам, ) — Сирияның астанасы (1943 жылдан), ежелгі мәдениет орталығы. Дамаск туралы алғашқы жазба деректер б.з.б. XVI ғасырлардан бастап кездеседі. Қала Дамаск патшалығының орталығы (б.з.б. XI ғасыр – б.з.б. 732 жыл), кейіннен Ассирия, Жаңа Вавилон, Ахеменид әулеті, Ескендір Зұлқарнайын, Селевеки әулеті, Рим, Византия мемлекеттерінің құрамында болды. 635 жылы қаланы арабтар жаулап алған соң, халифаттың астанасына (671–770) айналды. Аббас өулеті тұсында астана Бағдад қаласына көшкен соң да, Дамаск діни, ғылыми-мәдени орталық ретіндегі мәртебесін жоғалтқан жоқ. IX–XIII ғасырлар аралығында кала ор түрлі мұсылман мемлекеттерінің, 1260–1516 жылы мәмлүктердің, 1401 жылы Әмір Темір иелігінде болды. 1516–1518 жылдары Осман сұлтандығының құрамында, 1920–1943 жылдары Францияның мандатты территориясы. Дамаскдегі Бабуссағир (Кішкене қақпа) бейітінде ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби жерленген.

Дамаск —дүние жүзіндегі ең ежелгі астана Ресми тілі көпшілік тұрғындардың ана тілі болып табылатын — араб тілі.

Дамаск — қазіргі дүние жүзі астаналарының ішіндегі ең ежелгісі. Оның арабша атауы Димашк немесе Аш-Шам. "Димашк" сөзінің шығу төркіні жөнінде көптеген пайымдаулар бар. Дамаск жөніндегі ең алғашқы еске алулар Мысыр перғауындарының XVIII әулетінің құжаттары мен аккад тақташаларында кездеседі. Онда кала Димаску немесе Димашка деп аталған.

Арамей құжаттарында Дамаск Дурмешек және Думмешек деп аталған. Дамаск ескі Өсиеттің бірінші кітабында маңызды қолөнер және мәдени орталық ретінде еске алынады. Кейінірек Дамаск аталып кеткен қоныс Солтүстік Арабия шөлдерінен жайылымдар басып алуға шыққан көшпелі арамей тайпаларының кезінде жоғары гүлдену дәрежесіне жетті. Дамаск, Сури, яғни Сирия еліндегі арамейлердің ең ірі орталықтарының біріне айналды.

Дамаск орасан тарихи және мәдени құндылыққа ие, өйткені мұнда ежелгі және ортағасырлық архитектураның ескерткіштері сақталған. Кейбір орамдар Селевкілер дәуірінде (б.з.д. 312—64 жж.) салынған, көшелері тік бұрышты жоспарланған болып келеді. Римдіктер жаулап алған кезеңнен қала қамалдарының, қақпалардың орны, монументті арқаның құлаған қалдықтары мен коринфтік бағаналары бар Дамаск Юпитерінің қасиетті ғибадатханасының қалдықтары сақталған.Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5

Аудандары Дамаск көптеген аудандарға бөлінген. Олардың ішінде:

+ Дамаск аудандары1Аббасийин2Абу Руммани3Амара4Бахса5Барамка6Барзе7Думмар8Джобар9Кафар Сусе10Малки11Мазраа12Мезе13Мидан14Мухажрин15Канауат16Рукн Эддин17Аль-Салихийя18Саруджа19Ша’алан20Шагур21Тиджара22Баб Тума23Хиджаз

Мәдени ошақтары thumb|150px|Ескі шаһардағы Юпитер храмы thumb|200px|Умауи мешіті thumb|Дамаскідегі ескі үйлер

Дамаск дуалдары мен қақпалары Дамаскінің ескі қаласында сақталып қалған 7 қақпа бар:

Баб-әл-Сағир («Кіші қақпа») — Баб-әл-Фарадис («Жәннат қақпалары») Баб-әл-Салам («Бейбітшілік қақпасы») Баб Тума («Фом қақпасы») — бұл есім апостол Фомның есімімен аталады. Қақпа христан кварталына алып барады Баб Шарқи («Шығыс қақпасы») Баб Қисан — Баб-әл-Жәбия

Бұлардан басқа Ескі шаһардың сыртында басқа қақпалар бар: Баб әл-Фараж Баб Мусалла Баб Срәйжа

Мешіттер Зәйнаб мешіті Рақайя мешіті Баб-Сағир мазараты Умауи мешіті — Сирияның үлкен мешіттірен

Шіркеулер Дамаск соборы Әулие Мария соборы Әулие Анания соборы Әулие Павел Рим-католик кафедралды соборы - Зайтун аллаеясы. Әулие Иоанна шіркеуі Әулие Павел лавры Әулие Георгий

Медреселер Әл-Адилийя медресесі Әл-Захирийя кітапханасы Нұр әд-Дин медресесі

Ескі үйлер Азем сарайы Байтул Аккад (Дат институты - Дамаске) Мактаб Анбар Бейтул Мамлюк (қонақ үй)

Дамаскіде орналасқан шіркеулер

Дамскідегі Умауилер мешіті

900px|center|Умаядтар мешіті

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

eDamascus – Official website for Damascus Damascus Online – Brief information about the city of Damascus Explore Ancient City of Damascus with Google Earth on Global Heritage Network Philip K. Hitt, The Imperial Capital, 1973, Saudi Aramco World Ernst Herzfeld Papers, Series 5: Drawings and Maps, Records of Damascus Collections Search Center, S.I.R.I.S., Smithsonian Institution, Washington, D.C. Фотографии и описание городов, памятников, достопримечательностей Сирии сайт авиакомпании Syrian Arab Airlines Дамаск — старейшая столица мира Фотографии и описание Дамаска и его окрестностей Мечеть Сайида Ракэйя в Дамаске, фотографии Фотографии и новости Дамаска

Санат:Азия елордалары Санат:Дамаск Санат:Жібек жолының бойындағы қалалар Санат:Миллионер қалалар