Трофейлер жиынтығы «Арсенал» () — кәсіби ағылшын футбол клубы, базасы солтүстік Лондонда орналасқан. Англияның мықты командаларының бірі болып саналады. 13 рет чемпион болып, 14 рет Англия Кубогын жеңіп алған. Клубтың үй стадионы - «Эмирейтс», сыйымдылығы 60 704 көрермен. 1992 жылы Ағылшын Премьер-Лигасының негізін қалаушы клубтардың бірі. Сонымен қатар, клуб Англияның жоғарғы дивизионында маусымдық ойындардың есебі бойынша рекордшы (1919 дан).

2021 жылға арналған Forbes мәліметі бойынша, Арсенал әлемдегі ең қымбат футбол клубы болып табылады және 2,8 миллиард долларға бағаланады. Deloitte аудиторлық компаниясының мәліметі бойынша, 2021 жылдың қаңтарында «Арсенал» 388 миллион еуро табыспен ең табысты футбол клубтары рейтингінде 11-ші орынға ие болды.

Тарихы left|thumb|«Арсенал» капитаны Патрик Виейра ағылшын премьер-лигасының кубогын көтеріп жатыр 2003-04 жж.

«Арсенал» клубын 1886 жылы Лондонның оңтүстік-шығысына жайғасқан «Ройаль Арсенал» артилерия зауытының жұмысшылары құрған екен. Не үшін «зеңбірекшілер» атанатынын осыдан бағамдай беруге болады. Ә дегенде клуб «Дайал Скуэр» деп аталды. Алғашқы матчын сол жылы 11 желтоқсанда «Истерн Уондерерске» қарсы өткізіп, 6:0 есебімен ойсыратқан. Арада екі апта өткен соң клубтың атауы «Ройал Арсенал» боп өзгерді. 1891 жылы «Вулидж Арсенал» боп тағы да өзгертілді.

Ресми жарыстарға 1893 жылдан қатыса бастады да, 1904 жылы «Арсенал» екінші дивизионға жолдама алды. 1913 жылы Солтүстік Лондонға қоныс аударып, «Хайбери» стадионына (2006 жылға дейін өз үйіндегі ойындарын өткізген кәдімгі «Хайбери») орналасты. 1914 жылы «Вулидж» атауы алынып тасталды да, «Арсенал» ретінде айтыла бастады. 1919 жылы екінші дивизионды 5-орында аяқтады. Бірақ сол дивизиондағы командалар саны 20-дан 22-ге көбейтілді де, көбірек дауыс жинау арқылы «Арсенал» бірінші дивизионға жолдама алды. «Зеңбірекшілер» содан бері бірінші дивизионда жыл құрғатпай, тұрақты өнер көрсетіп келеді, яғни, ешқашан төменгі лигаға түскен емес.

1925 жылы менеджер Герберт Чепменнің дәуірі бастау алды. Клуб бірте-бірте Англиядағы күшті ұжымға айнала бастады. Чепмен келген алғашқы маусымда-ақ дивизионда екінші орынға тұрақтады. Отызыншы жылдарда «зеңбірекшілер» тіптен күшейді. 1934 жылы Чемпен қайтыс болғанға дейін үш дүркін Англия чемпионы атанып үлгерді.

Чепменнен соң команда тізгінін Джордж Элисон ұстады. Ол да екі рет клубты чемпион атандырды. Элисоннан кейін команда 1947, 1953 жылдары биікке көтерілді де, 20 жылдық ұйқыға бас қойды. Тек, 1971 жылы алтынмен марапатталды. Жетпісінші жылдардың соңында бірнеше рет Англия кубогын ұтып алғанымен, басқа айтарлықтай табыстарға жете алмады.

1989 жылы 18 жылдық үзілістен соң команда қайтадан алтыннан алқа тақты. Бұл табысын 1991 жылы қайталады.

1996 жылы күтпеген жерде бапкерлікке оншалықты танымал емес маман – Арсен Венгер шақырылды. Ол кезде француз жаттықтырушысын клуб тарихындағы ең табысты бапкер атанады деп ешкім болжамады. Ол өзі басқарған екінші маусымда-ақ «дубльге» қол жеткізе алды. Командаға Робер Пирес, Сильван Вильтор, Тьерри Анри секілді футболшылар келді де, жаңа ғасырдың басында клуб күшейе түсті. Бұл қарыштау өзінің шарықтау шегіне 2003-04 маусымда жетті. Команда премьер-лигада бір рет те жеңілмеді. Чемпионаттың қызықты өткені соншалық, маусым барысында «Челси» мен «Арсенал» көрсеткіштерінің бірдейлігінен турнир кестесіне алфавит ретімен де жайғасқан кездер болды. 2004-05 маусымда «Арсеналдың» премьер-лигадағы жеңіліссіз матчтар саны 49-ға жетті. Осы маусымда «зеңбірекшілер» чемпион атана алған жоқ, бірақ Англия кубогын ұтты. Осы кубоктан соң 2014 жылға дейін команда ештеңені ұтып ала алмады.

2006 жылы команда Чемпиондар Лигасының финалына шықты. Парижде өткен жаңбырлы матчта «Барселонадан» ұтылып қалды. Осы ЧЛ маусымында «Арсенал» өз қақпаларынан 994 минут бойы доп өткізбеген.

2006 жылы команда жаңа стадионға – «Эмирейтске» көшті.

2014 жылы 17 мамырда «Арсенал» футболшылар тоғыз жылға созылған «жүлдесіз жылдарын» аяқтады – Англия кубогын жеңіп алды. 2014 жылғы 10-тамызда «Манчестер Ситиді» ұтып, Англия Суперкубогын иеленді.

2016-17 жж маусым қорытындысында «Арсенал» Англияда бесінші орынға табан тіреді де, 1997-98 жылдан бері бірінші рет УЕФА Чемпиондар Лигасынан сырт қалды. Бұл маусымда Англия кубогын ұтты да, 6 тамыз күні Англия суперкубогында «Челсиді» тізе бүктіріп, суперкубок иесі болды. Осылайша Арсен Венгер «Арсенал» тарихындағы ең титулды бапкер атанды.

2017/18 жылғы маусымда ұзақ уақыттан бері Чемпиондар Лигасынан сырт қалып, УЕФА Еуропа Лигасына қатысты. Бұл турнирде де бас жүлде бұйырмапты, жартылай финалда "Атлетико Мадридтен" ұтылып қалды. Англия чемпионатында алтыншы орында қалды да, жылдар бойы жалғасқан сәтсіздіктерден соң бап бапкер Арсен Венгер өз орнын босатты. Оның орнына Унаи Эмери келді. Унай да клубты бұрынғы деңгейге көтере алмады, 2019 жылы қарашада клубтың бұрынғы ойыншысы Фредди Люнгберг уақытша бапкер міндетіне кірісті, бірақ айға жетпей ол да қызметтен кетіп, Микель Артета тізгінді ұстады.

Эмблемалары

Құрамы 2020/2021 маусымда №ҚақпашыларТуған күніАзаматтығы1Бернд Лено04.03.1992Германия13Рунар Алекс Рунарссон18.02.1995Исландия33Мэтью Райан08.04.1992Аустралия44Карл Хейн13.04.2002Эстония№ҚорғаушыларТуған күніАзаматтығы2Эктор Бельерин19.03.1995Испания3Киран Тирни05.06.1997Шотландия6Габриэл19.12.1997Бразилия16Роб Холдинг12.09.1995Англия17Седрик Соареш31.08.1991Португалия20Шкодран Мустафи17.04.1992Германия21Калум Чемберс20.01.1995Англия22Пабло Мари31.08.1993Испания23Давид Луис22.04.1987Бразилия№Жартылай қорғаушыларТуған күніАзаматтығы8Мартин Эдегор17.12.1998Норвегия7Букайо Сака05.09.2001Англия15Энзли Мэйтленд-Найлс29.08.1997Англия18Томас Партей13.06.1993Гана25Мохамед Эльнени11.07.1992Мысыр28Джо Уиллок20.08.1999Англия32Эмил Смит-Роу28.07.2000Англия34Гранит Джака27.09.1992Швейцария№ШабуылшыларТуған күніАзаматтығы9Габриель Жезус03.04.1997Бразилия14Пьер-Эмерик Обамеянг28.01.1989Габон19Николя Пепе29.09.1995Кот-д'Ивуар24Рейсс Нелсон10.12.1999Англия30Эдди Нкетиа30.05.1999Англия11Габриэл Мартинелли18.06.2001Бразилия38Фоларин Балогун03.07.2001Англия

Жетістіктері Ұлттық Бірінші дивизион (1992 жылға дейін) / Англия Премьер-лигасы (1992 жылдан кейін)1992 жылға дейін Англия футболының жоғарғы дивизионы Бірінші дивизион болған, қазіргі кезде оны Англия Премьер-лигасы алмастырды. Англия футбол лигасының иерархиясында 1992 жылға дейін екінші дивизионы болып Футбол лигасының екінші дивизионы болып саналды, ал қазіргі уақытта оны Футбол лигасының чемпионаты алмастырды. 13 титул 1930/31, 1932/33, 1933/34, 1934/35, 1937/38, 1947/48, 1952/53, 1970/71, 1988/89, 1990/91, 1997/98, 2001/02, 2003/04 Футбол лигасының екінші дивизионы: 2 титул 1986/87, 1992/93 Англия кубогі: 14 титул Жеңімпаз: 1930, 1936, 1950, 1971, 1979, 1993, 1998, 2002, 2003, 2005, 2014, 2015, 2017, 2020 Англия лига кубогы

Жеңімпаз (2): 1987, 1993 Финалист (6): 1968, 1969, 1988, 2007, 2011, 2018

Англия суперкубогы:

Жеңімпаз (16): 1930, 1931, 1933, 1934, 1938, 1948, 1953, 1991¹, 1998, 1999, 2002, 2004, 2014, 2015, 2017, 2020

Финалист (7): 1935, 1936, 1979, 1989, 1993, 2003, 2005

Халықаралық Еуропа чемпиондар лигасы: Финалист (1): 2006 Жәрмеңкелер кубогы (1): Жеңімпаз: 1970 УЕФА кубок иегерлерінің кубогі: 1 титул Жеңімпаз: 1994 УЕФА кубогы:

Финалист: 2000

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайт Арсенал футбол клубы нәтижелері

Санат:Англия футбол клубтары Санат:Арсенал Лондон ФК