Дистанциялық метеорологиялық станса - арнайы таңдалған жерде құрастырылған қарсылық термометрден, үлдірлі немесе қылды гигрометрден және электрлік анеморумбометрден тұратын дистанциялық аспаптар кешені. Аспаптардың көрсетулері кабель арқылы қабылдағыштан жырақта тұрған стансаның аспаптық пультіне жіберіліп отырады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мекгеп" баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

Дереккөздер

Санат:География және геодезия