Қалааралық, халықаралық АТС (Междугородный, международный АТС). Қалааралык телефон байланысы әр түрлі елді-мекендердегі абоненттер арасында хабар таратуға арналған. Бұл байланыс түрі қалааралық байланыс желісін (торабын) құратын арналар жиынынан тұратын қалааралық телефон станцияларының көмегімен іске асырылады. Қалааралық телефон байланысын автоматтандыруға арналған негізгі шарттар: жергілікті тораптарда автоматты телефон станцияларының болуы; автоматтандырылған желіге қосылған пункттер арасында телефон арналарының өлдеқайда үлкен шоғырларын қіру; қашық байланыс арналарымен басқару сигналдарын беруді қамтамасыз ететін арнайы аппаратуралардың болуы.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника