Күшейткіштің ығыстыру кернеуі (Напряжения смешения усилителя) — күшейту элементінің жұмыс режімін белгілеуде басқарушы элементке алдын ала берілетін кернеу. Сигналды күшейту кезіңде ол өзінің бастапқы берілген шамасы маңында сигнал тербелісінің сипатына сәйкес өзгеріп отырады, ал күшейткіш каскадтың шығысында сондай сипатта күшейтілген сигнал алынады. Ығыстыру кернеуінін шамасына қарай күшейткіш үш режімде (А, В, С) жұмыс істейді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника