Талха Әйменов (1922, Түркістан қаласы - 24.4.1998, Шымкент) — су шаруашылығы маманы.
Қоңырат тайпасы Көтенші руының Маңғытай бөлімінен.
Түркістан ауданында Спатаев кеңшарының директоры (1962-68), KCPO Су шаруашылығы және мелиорация министрлігінің "Глав-риссовхозстрой" Басқармасы бастығының 1-орынбасары (1968—84) қызметтерін атқарған. "Құрмет белгісі", екі мәрте "Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен марапатталған. Түркістан, Отырар, Қазығұрт, Шардара аудандарының "Құрметті азаматы".Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 Дереккөздер
Санат:Тұлғалар