Бадамша дене (corpus amyg- daloideum; лат. corpus — дене, amygdaloideum — бадамша) — мидағы көру төмпегі мен жасымықша ядро аралығында орналасқан, жолақты дене құрамындағы сұрзаттық ядро (ядро — белгілі бір қызмет атқаруға маманданған нейроциттер перикариондарының тобы, ми сұрзатының бөлігі). Бадамша денені көру төмпегі мен жасымықшаның сұрзаттық ядроларынан ішкі және сыртқы ақзаттық аралықтар бөліп тұрады. Бадамша дене — жолақты дененің құрамында қыртысастылық ядро ретінде адам мен жануарлар орагнизміндегі көптеген шартсыз рефлекстердің (қимыл, вегетативті реттелу т.б.) іс жүзіне асуына қатысады. Бадамша денені орналасу орынына байланысты иіс миының құрамына жатқызады.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология