«Байсалды зерттеу қажет», жазушының мақаласы. Орта Азия мен Қазақстан халықтары әдебиетінің очерктерін жасау женінде 1955 ж. Алматыда өткен республикааралық мәслихатта сөйлеген сөзі. Осының негізінде жазылған мақала «Қазақ әдебиеті» газетінің сол жылғы 24 маусымдағы санында жарияланды. Кейін Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағында жарық көрді. Жазушы бұл мәслихатта жарыссезге қаты- сушы ретіңде сейлеп, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының казіргі әдебиетін зерттеу меселелері жөнінде ой-ұсыныстарын айтқан. Бұл ретте дәстүр мен жанашылдық проблемасын халықтық дәстүрлерді еркеңцетуге байланысты көтеріп, шеберлікті уйрену мәселесін де ұмытпауды айтады. Реализм әдісін игеру мәселесін сез етіп, шығармалардың ңцеялық мазмұн, заман шындығын суреттеу жағынан реалистік туынды дәрежесіне кетерілуіне септігін тигізетін жайларды әңгімелейді. Біріккен мәслихат жұмысындағы кейбір кемшіліктерге де тоқталып, проблемалык мәселелерді талқылауда жалпы шолу жасау, шығармалардың аттарын тізу- мен шектелу, қазіргі әдебиет мәселелерін айтудан ауытқып, еткен ғасырлар әдебиеті туралы сез қозғау жайларын сынға алады. Жоғары дәрежелі көркем шығарма жазатын «әдебиетшілер үшін, әсіресе жас әдебиетшілер үшін оқу, оқу және оқу керек дер едім» деген аталы пікірімен қоса, «шеберлікті қажымай-талмай үйренбейінше болмайды» деп кеңес береді.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Байсалды зерттеу қажет · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.