Микола Платонович Бажан (26 қыркүйек (9 қазан), 1904 ж. - 23 қараша 1983 ж.) — украин ақыны, қоғам қайраткері, Украин ғылым академиясының академигі (1951). Өлеңдері мен поэмаларында жинағында халықтар достығын, олардың ерлігін, бейбіт өмірді, адамгершілікті жырлады. Өлеңдері «Ағылшын ұсқыны» деген атпен 1952 ж. қазақ тілінде жарық көрді. Әуезов «КСРО халықтары әдебиеттерінің өркендеуі» атты мақаласында Бажанның шығармаларын салыстыру арқылы зерттеуді ұсынады. Ал Бажан Мұхаңның 60 жылдық мерейтойына жолдаған жеделхатында жазушының дарынын, терең білімін, үлкен адамгершілігін қадір тұтатынын айта келіп, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейді.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Микола Бажан · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.