Артқы аяқ қаңқасы (; — қаңқа, - аяқ, - жамбас, - жануарлардың артқы аяқтарының сүйектерінен тұрады. Артқы аяқ қаңқасы өз кезегінде екі бөлімнен: жамбас белдеуінің қаңқасы мен еркін қозғалатын бөлім қаңқасынан құралған. Барлық жануарларда артқы аяқ жамбас белдеуінің қаңқасын (): жамбас сүйек (тазовая кость — ) құрайды. Ол өз кезегінде бір-бірімен тұтаса байланысқан мықын сүйектен (подвздошная кость — ), шонданай сүйектен (седалищная кость — ) және шат сүйектен (лонная кость — ) тұрады. Артқы аяқ еркін қозғалатын бөлімінің қаңқасы () өз кезегінде үш бөліктен: жоғарғы (проксимальды) бөліктен, ортаңғы бөліктен және төменгі (дистальды) беліктен құралған. Проксимальды бөліктің (stylopodium) қаңқасын - ортан жілік (бедренная кость — ), ортаңғы бөліктің () қаңқасын — сирақ сүйектері, дистальды бөліктің () қаңқасын — артқы аяқ басының сүйектері құрайды. Сирақ сүйектеріне (кости голени — ): асықты жілік (болыная берцовая кость — ) және шыбық сүйек (малая берцовая кость — ) жатады. Артқы аяқ дистальды бөлігінің қаңқасын — артқы аяқ басының қаңқасы (скелет стопы — ) деп атайды. Ол өз кезегінде үш қатар орналасқан бөліктерден: жоғарғы қатардағы — негізгі бөліктен (), ортаңғы қатардағы — аралық бөліктен (), төменгі қатардағы — соңғы бөліктен () құралған. Негізгі бөліктің қаңқасын — тілерсек сүйектері (кости заплюсны — ), аралық боліктің қаңқасын — артқы жіліншік сүйектері (кости плюсны — ), соңғы бөліктің қаңқасын - бақай (башпай) сүйектері (кости пальцев — ) құрайды. Тұяқты жануарларда бақай сүйектері үш бунақтан (фалангадан): жоғарғы бунақ — тұсамыс сүйектен (путовая кость — ), ортаңғы бунақ — топай сүйектен (венечная кость — ), төменгі бунақ — тұяқ сүйектен (копытная кость, копытцевая кость — ) құрайды. Итте төменгі бунақ сүйегі — тырнақ сүйек (когтевая кость — ) деп аталады.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер
Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология