Артериола (қызылтамырша); (; — ауа; — ішіндегі) — арнасының орташа диаметрі 50-100 мкм, етті артериялар мен капиллярларды (қылтамырларды) жалғастырып тұрған етті артерияның майда тарамы, организмдегі микроайналым арнасының жіңішке келген бастама қан тамыры. Артериоланың қабырғасы, түтікше мүше ретінде, үш қабық тан: ішкі — интимадан, ортаңғы — медиадан және сыртқы — адвентиция қабықтарынан тұрады. Интима өз кезегінде ішкі — эндотелий жөне сыртқы — эндотелийасты қабаттарынан, медиа — 1 не 2 қабат бірыңғай салалы ет ұлпасы мио циттерінен құралған. Миоциттер аралықтарында аздаған эластин талшықтары болады. Адвентиция қабығы талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Артериола қабырғасы қабықтарының шекараларында етті артерия қабырғасына тән ішкі эластинді жарғақ (мембрана) пен сыртқы эластинді жарғақ болмайды.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Жүрек-қантамырлар жүйесі