Аппозициондық өсу ( — қабаттану) — адам мен жануарлар организмдері ұлпалары мен дене мүшелерінің сыртқы жағынан жаңа қабаттар түзу арқылы қабаттана жуандап өсуі. Шеміршек ұлпалары — сыртқы шеміршекқаптағы шеміршек түзгіш жас жасушалар (хондробластгар) түзетін шеміршек ұлпасы қабаттарының, ал сүйек ұлпалары - сүйек қаптағы остеобласттар түзетін қабаттарының қалындауы нәтижесінде жуандап өседі.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология