Tajik Air — Тәжікстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы. Ол Душанбе Әуежайында негізделген.
Тарихы Компания өз жұмысын 1924 жылдың 3 қыркүйегінде Tajik Aviation атымен бастаған. Оның ең алғаш рейсі Бұқарадан Душанбеге бағытталған. Бұл әлемдегі жетінші алғашқы әуе тасымалдаушы болып табылады.
Тәуелсіздіктен кейін Азаматтық Авияция министрлігінің қайта құрылуынан кейін Тәжікстан Републикасының Мемлекеттік Әуе Компаниясы құрылды. . 1992 жылдың 2 наурызында Тәжікстан әуежолдары “Tojikiston” белгісімен қысқа мерзім аралығында Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкстан,Иран, Үндістан, Сауд Арабиясы, Қытай және Германияға ұша бастады.
Компанияның басқару жүйесін жақсарту үшін ол Тәжікстан Мемлекеттік Унитарлы Авиация Ұйымы болып қайта құрылды. Яғни, ол енді мемлекет еншісінен шыққан, рыноктағы толыққанды коммерциялық бірлік болып танылды.
Қазіргі жағдайы Тәжік Эйр бренді аймақта қатаң бәсекеге тап болды. 2006 жылдың тоғыз айында әуекомпания тек 320,000 жолаушы тасып, 2005 жылмен салыстырғанда жолаушылар саны күрт төмендеп кетті. Осыған төтеп беру үшін Еуропалық Қайта Құру және Даму банкінің көмегімен компания Airbus A320 және Boeing 737 ұшақтарын техникалық зерттеуден өткізуде.Airliner World, Ақпан 2007.
2007 жылы әуекомпанияға Еуропалық Одаққа ұшуға тыйым салынды. Алайда ол уақытта компания тек Германияның Дюссельдорф қаласына ғана ұшып жүрген еді.
Ұшу бағыттары Тәжік Эйр келесідей бағыттарға қызмет етеді (2009 тамыз айына қарай):
Иран Тегеран - Имам Хомени Халықаралық Әуежайы Қазақстан Алматы - Халықаралық Алматы әуежайы Астана - Халықаралық Астана Әуежайы Қырғызстан Бішкек - Манас Халықаралық Әуежайы Ресей Мәскеу - Домодедово Халықаралық Әуежайы Новосібір - Толмачево Әуежайы Самара - Куромох Халықаралық Әуежайы Санкт-Петербург - Пулково Әуежайы Екатеринбург - Колтсово Әуежайы Нижний Новгород - Нижний Новгород Әуежайы Тәжікстан Душанбе - Душанбе Әуежайы Хаб Хорог - Хорог Әуежайы Худжанд - Худжанд Әуежайы Түркия Ыстамбұл - Халықаралық Ататүрк Әуежайы Біріккен Араб Әмірліктері Шаржа - Халықаралық Шаржа Әуежайы
Әуепаркі Тәжік Эйр әуепаркі төмендегі ұшақтармен жабдықталған(2009 жылдың тамызы) Tajik Air Fleet:
ҰшақБарлығыҚосымшаАнтонов АН-245ІшкіАнтонов АН-262Антонов АН-288ІшкіBoeing 737-2002Skylink Arabia-ға біреуі қызмет етудеBoeing 757-2001Nordwind Airlines қызмет көрсетудеТуполев ТУ-154B22Туполев ТУ-154M4Taban Air-ға екеуі қызмет етудеЯк-404Ішкі28
Сыртқы сілтемелер Tajik Air Tajik Air Fleet Tajik Air Ticket Purchase
Түсініктемелер
Санат:Әуе компаниялары Санат:Тәжікстан компаниялары