Варшава келісімі ұйымы (орыс: Организация Варшавского договора) — 1955 жылы достық, әріптестік және өзара кәмек жөнінде Албания, Болгария, Мажарстан, ГДР, Польша, Румыния, Чехословакия және КСРО арасында Варшава келісімі негізінде құрылған әскери-саяси одақ.
1955 жылы 14 мамырда Варшавада Келісімге қол қойылды, 1955 жылдың 5 маусымында күшіне енді, қызмет ету мерзімі - 20 жыл, 1975 жылы 10 жылға жалғастырылды, 1985 жылы 20 жылға созылды. Ұйым 1955 жылы 9 мамырда ГФР НАТО-ның құрамына кіргеннен кейін, оған қарама-қарсы сес ретінде "қырғи-қабақ соғыс" жағдайында құрылды. Жоғарғы саяси басқару органы - ВКҰ, үкіметтердің өкілдерінен құралған кеңесші комитет. 1976 жылы көмекші органдар - Бірлескен секретариат пен сыртқы істер министрлерінің комитеті құрылды.
Әскери басшылық бірлескен қарулы күштерді басқарды, резиденциялары Мәскеу қаласында орналасқан. 1969 жылдан Әскери кеңес пен Қорғаныс министрлер комитеті құрылған. 1987 жылы қорғаныстық әскери доктрина қабылданды. 1989-1990 жылдардағы Орталық, Оңтүстік-шығыс Еуропадағы саяси өзгерістерден кейін 1990 жылдың ақпанында әскери органдар таратылды.
Варшава Келісіміне қатысушы елдердің Қарулы Күштерінің саны 1987 жылдың 1 шілдеде 6 435 900 адамды құрады.
1991 жылдың 1 шілдесінде Прагада, Болгария, Мажарстан, Польша, Румыния, КСРО және Чехословакия өкілдері ВКұ-ның жүмысын тоқтату жөніндегі хаттамаға қол қойды.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Құрамы Құрамына сегіз социалистік мемлекет кірді: Республика Билік ететін партия border|25px 25px КСРО 15px Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы (КОКП)(алдында РСДЖП, РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П) border|25px 25px ГДР 15px Германия социалистік бірлік партиясы(Германияны біріктіру үдерісіне дайындық кезінде — 1990 жылдың қыркүйегінде ресми түрде шығарылды) border|25px 25px ЧССР 15px Чехословакия коммунистік партиясы border|25px 25px БХР 15px Болгария коммунистік партиясы border|25px 25px МХР 15px Мажарстан социалистік жұмысшы партиясы border|25px 25px ПХР 15px Польшалық біріккен жұмысшы партиясы border|25px 25px РСР 15px Румыния коммунистік партиясы border|25px 25px АХСР Албания еңбек партиясы(идеологиялық қайшылықтарға байланысты 1961 жылы одақтан шықты; ВКҰ әскерлері Чехословакияға кіргеннен кейін — 1968 жылдың қыркүйегінде ресми түрде шықты)
Келісім шарттары
Дереккөздер
Санат:Қырғи қабақ соғысы Санат:1955 жыл