нобай| Лимбика жүйесі — үлкен ми сыңарларының ішкі бетінде орналасқан көне ми қыртысы (алмұртша бөлік, гиппокамп қатпары және олардың туындылары), жаңа ми қыртысы (белдеме қатпар, гиппокамп аяқшасы) және қыртысасты лимбика орталықтарынан (жолақты дене ядролары — шарбақ, бадамша ядросы), аралық және ортаңғы мидың кейбір ядроларынан құралады. Лимбика жүйесі ішкі мүшелердің қызметтерін, иіс сезімін, жануарлар инстинктерін, ұйқы мен сергектікті реттеуге қатысады.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер
Санат:Жүйке жүйесі Санат: