Аксо-дендриттік жанасым (synapsis axo-dendritica; — жанасым; — білік, ось; — ағаш) — нейроцит аксонының (жүйке толқынын клетка денесі — перикарионынан әрі қарай өткізетін өсінді) басқа нейроциттер дендриттерімен (жүйке толқынын қабылдайтын нейроцит өсіндісі) жанасып жалғасуы. Аксо-дендриттік жанасым арқылы жүйке толқындары (импульстері) биологиялық белсенді заттардың (медиаторлардың) көмегімен бір нейроциттен басқа екінші нейроциттерге беріледі. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология