Коммунистическая — Алматы метросының бірінші бағытының бойындағы жобаланған метро бекеті.

Тарихы Бұл бекет қала метросының алғашқы жобаларында болып, «Абай» және «Байқоңыр» бекеттерінің арасында, Абай даңғылының бойында, Коммунистік (қазіргі Абылай хан) даңғылы мен Бейбітшілік (қазіргі Желтоқсан) көшелерінің арасында, Ұлттық кітапхананың жанында салынуға тиіс болатын. Оған керекті жер телімі де бөлінді, бірақ бекет құрылысы мүлдем басталмады.

2004 жылы «Абай» бекетіне тым жақын болғандықтан және бірінші бағытты салуға кететін шығындарды азайту үшін бұл бекет салынбайтын болып шешілді.

Дереккөздер

Санат:Алматы метро бекеттері