Саяси мінез-құлық - субъектілердің саяси тәжірибеге қатысты бағыты мен әрекетін көрсететін саяси шындық пен өзара іс-әрекеті. Саяси мінез-құлық адам мінез-құлқының жоғары сатысы. Саяси мінез-құлық жеке тұлғаларға, топтарға, ұйымдарға қатысты айтылады. Саяси мінез-құлық алға қойылған мақсаттармен реттеледі. Оның мәні, бағыты, құндылығы, сипаты мен ерекшеліктері адамның дүниетанымына тәуелді. Саяси мінез-құлық кең мағында ерекше қызметті білдіреді.

Жоғары деңгейде саясат қызмет ретінде басқа адамдардың мүдделері мен талаптарын реттеуге ұмтылу. Орташа деңгейде өз мүдделері мен оларды саяси көрсету бағытындағы қызмет. Төменгі деңгейде бұл саяси жүйенің құндылықтары мен ережелерін игеру барысындағы қызмет.

Жоғарғы деңгейдегі саяси мінез-құлық кәсіби-саясаткерлерді, бірінші кезекте көшбасшыларын сипаттайды. Орташа деңгейде - саяси партиялар белсенділері, саяси ұйым қызметкерлері. Төменгі деңгей қатардағы азаматтарға тән.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Дереккөздер

Санат:Саясат