Ақжар ауданы — Солтүстік Қазақстан облысындағы аудан. Аудан орталығы — Талшық ауылы.

Тарихы Аудан алғаш рет Ленин ауданы болып 1973 жылы 25 желтоқсанда Көкшетау облысының құрамында құрылды. 1997 жылы 2 мамырда Ленин және Ленинград аудандарының қосылу нәтижесiнде Ақжар ауданы болып қайта құрылды. Ал 3 мамырда Көкшетау облысы таратылып, аудан Солтүстік Қазақстан облысына берілді. 2000 жылы Айсары, Кеңащы, Қулыкөл, Май ауылдық округтері құрылды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісінің тарихы бойынша анықтамалық (29 шілде 1936 ж. - 1 қаңтар 2007 ж.)

Сипаттамасы Аудан аумағы - 8,04 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 21,4 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 2,7 адам.

Әкiмшiлiк орталығы - Талшық ауылы, облыс орталығынан 285 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ауданда - 12 ауылдық округ, 25 ауылдық елдi мекен бар.

Географиясы Солтүстiгiнде Ресей Федерациясымен, солтүстік-батысында Мағжан Жұмабаев ауданымен, батысында Тайынша ауданымен, оңтүстiгiнде Ақмола облысының Біржан сал ауданымен, шығысында Уәлиханов ауданымен шектесiп жатыр.

Аудан өсiмдiк жамылғысынан дала зонасында орналасқан, бетең, бiркелкi бетең және құрғақ дала зонасында. Аудан аумағының негiзгi топырақ түрлерi: қара топырақ, оңтүстiк қара топырақ, шалғынды, шалғынды қара топырақты, шалғынды-батпақ, сортаң болып келедi.

Аудан аумағымен бастауын тыс жерден алатын аудан арқылы өтетiн ұзындығы 80 километр Ащысу өзенi ағып жатыр. Сонымен қатар бiрнеше кiшкене көлдер бар, олар жаңбыр, қар және жер асты суларымен толықтырылады.

Экономикасы 2009 жылдың қорытындылары

Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 221 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 1 - iрi, 12 - орта, 208 - шағын кәсiпорындар. Олардан 93 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 126 жеке меншiк , 2 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады.

Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,8%-ы өндiрiлген (13 876,4 млн.теңге).

Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 262,7 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлдi, облыстағы үлесi 0,4%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 121,1% құрайды.

Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 319,0 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 82,4% құрады.

2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 5 926,1 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 22,2% болды.

Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 708,4 млн.теңге құрады.

Пайдалануға 3,2 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi.

Ауданның экономикасында 11,9 мың адам жұмыс iстейдi.

Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 22,6% өсiп, 36 047 теңгенi құрады. Нақты жалақы 14,6% өстi.

Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 24 247 теңге құрады.

Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 113 теңге құрады.

Халқы 1979Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 16822 27176 18975 15002

Ауылдық округтер Аудандағы 24 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген: + Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2009) Айсары ауылдық округі Айсары ауылы 1 331 Ақжарқын ауылдық округі Ақжарқын ауылы 2 1285 Алқатерек ауылдық округі Алқатерек ауылы 1 904 Восход ауылдық округі Восходское ауылы 2 609 Кеңащы ауылдық округі ‎ Кеңащы ауылы 2 613 Кішіқараой ауылдық округі Бостандық ауылы 2 1421 Қулыкөл ауылдық округі ‎ Қулыкөл ауылы 2 1171 Ленинград ауылдық округі Ленинградское ауылы 3 4840 Май ауылдық округі Майское ауылы 1 556 Талшық ауылдық округі ‎ Талшық ауылы 4 4802 Ұялы ауылдық округі ‎ Ұялы ауылы 2 1031 Үлкен Қараой ауылдық округі ‎ Горьковское ауылы 2 1412

Ірі елді мекендері Атауы Халқы (2009) Талшық 3754 Ленинградское 3509 Горьковское 969 Алқатерек 904 Бостандық 847 Қулыкөл 799 Дәуіт 776 Ақжарқын 699 Ұялы 593 Ащыкөл 586 Майское 556 Қызылту 555 Қазан 500

Дереккөздер

Санат:Ақжар ауданы