thumb|right|200px|Леонид Максимович Леонов, 1929 жыл

Леонид Максимович Леонов (31 мамыр 1899 жыл, Мәскеу - 8 тамыз, 1994 жыл, Мәскеу) - орыс жазушысы, драматург, Ресей Федеративтік Республикасының еңбек сіңірген енер қайраткері, академик, Социалистік Еңбек Ері.

Оның «Борсықтар», «Ұры», «Мұхитқа жол», «Орыс орманы» т. б. романдары, «Қасқыр», «Шапқын», «Аптын кұйме», «Бұрқасын» пьесалары кеңінентаныс. «Шапқын» пьесасы қазақ тіліне аударылған.

Жазушы Абай шығармаларын зер сала оқып, қазақақынының өлеңдеріндегі жаңа түр мен мазмұн мәселөлеріне ерекше мән берді. Л. «Абай» («Жұлдыз», 1964, № 10), «Достық жаршысы» («Қазақ әдебиеті», 1971, 26 мамыр»), «Таңғажайып талант иесі» («Семей таңы», 1985, 10 тамыз) атты материалдарында жазба қазақ әдебиетінің қалыптасу жолындағы Абайдың жолбасшылық қызметін жоғары бағалап, оны «өз халқының темірқазық жұлдызы» деп атады. А қынның «Менсінбеуші ем наданды. Ақылсыз деп қор тұтып. Түзетпек едім заманды, Өзімді тым-ақ зор тұтып» деген өлең жолдарын тілге тиек ете отырып, Абайдың азаматтық ерлігін «ерен жүректілік» ретінде мақтан етеді.

Марапаттары «Орыс арманы» романы үшін Лениндік сыйлық

«Шапқын» пьесасы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілген.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Дереккөздер

Санат:31 мамырда туғандар Санат:1899 жылы туғандар Санат:Мәскеуде туғандар Санат:8 тамызда қайтыс болғандар Санат:1994 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:КСРО жазушылары Санат:Ресей жазушылары Санат:XX ғасыр жазушылары Санат:XX ғасыр драматургтері Санат:КСРО драматургтері Санат:Ресей драматургтері Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:РКФСР-дің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Лениндік сыйлықтың иегерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:XX ғасырдағы орыс жазушылары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:КСРО Ғылым Академиясының академиктері Санат:Ресей академиктері