Мұхаммед Сүлейманұлы Физули (1494 – 1556) — әзірбайжан ақыны. Әзірбайжан, парсы, араб тілдерінде жазған.
Шығармалары қолжазба күйінде тарап, XIX-ғасырда қазіргі Әзірбайжан, Түркия, Ирак және Орта Азия елдерінде бірнеше рет жарияланған. Бізге жеткені 11 қасида мен бір өлеңнен тұратын (барлығы 450 бәйіт) араб тіліндегі жинағына.
Физулидің поэтикалық мұрасынан елеулі орын алатыны — лирикалары мен қасидалары. Физули туындылары қазақ оқырмандарына кептен таныс. Оның мұрасының шырқау шыңы — «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын Абайдың немере інісі, қазақтың көрнекті ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ тіліне аударған. Абай Физулиді езіне ұстаз санаған. Ақынның шығыс поэзиясы классиктерімен, соның ішінде Физули туындыларымен танысуы медреседе оқып жүрген кезінде басталған. Осы кезеңде жазған «Физули, Шәмси, Сәйхали» өлеңінде шығыс классиктерін тілге алып сиынады, олардан медет тілейді.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Дереккөздер
Санат:1494 жылы туғандар Санат:1556 жылы қайтыс болғандар Санат:Кербалада туғандар Санат:Кербалада қайтыс болғандар Санат:Әзербайжан әдебиеті Санат:Әзербайжан ақындары Санат:XVI ғасырдағы араб ақындағы Санат:Парсы ақындары Санат:Түркі ақындары Санат:Мұхаммед Физули