нобай|солға|Жұмыс кабинетіндегі Макс Планк Макс Карл Эрнст Людвиг Планк (; 23 сәуір 1858, Киль — 4 қазан 1947, Гёттинген) — неміс физик-теоретигі, кванттық теорияның негізін салушы. Берлин ғылым академиясының мүшесі (1894), 1912 — 38 ж. аралығындағы хатшысы.
Өмірбаяны Мюнхен және Берлин (1877 — 78) университетінде оқыған. 21 жасында “Жылу теориясы механикасының екінші заңы туралы” докторлық диссертация қорғап, 22 жасында Мюнхен университетінің приват-доценті атағын алды.
1885 жылдан Киль университетінің профессоры
1889 ж. кейін Берлин университетінің теоретикалық физика кафедрасының меңгерушісі және проф. қызметіне шақырылып, ғұмырының соңына (1947) дейін осы кафедраны басқарады. Ғылыми еңбектері Планктың алғашқы зерттеулері энтропия ұғымын дәлірек анықтауға, термодинамиканың заңдарын физикалық-химиялық процестерге қолдануға арналған. 1894 жылдан бастап Планк жылулық сәуле шығарудың термодинамикалық теориясы мен абс. қара дененің эл.-магниттік сәуле шығару спектріндегі энергияның таралу заңдылықтарын зерттеумен шұғылданады (Планк заңы, Планк тұрақтысы). Планк теоретикалық физиканың негізгі бөлімдері бойынша терең әрі айқын баяндалған монография жазды. “Әсер квантын” ашуы арқылы физиканың дамуына қосқан аса ірі еңбегі үшін М.Планк 1918 ж. физика саласы бойынша Нобель сыйлығын алды.
Планк заңы Планк заңы — абсолют қара дененің спектріндегі (термодинамикалық тепе-теңдік орнағанда) энергияның таралу заңы. Бұл заңды алғаш рет 1900 ж. неміс физигі М.Планк ашты. Планк энергия денеден дискретті (үздікті) порциялар — кванттар түрінде шығады деген жорамал негізінде енгізді. Ол осы жорамал негізінде абс. қара дененің сәуле шығару заңын ашып, осы құбылысты сипаттайтын классикалық теориядағы қайшылықтарды жойды. 1916 ж. А.Альберт Эйнштейн (1879 — 1955) атомдардағы тепе-теңдік сәуле шығару кезіндегі кванттық өтулерді зерттей отырып, Планк заңын теория жүзінде қорытып шығарды. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:23 сәуірде туғандар Санат:1858 жылы туғандар Санат:Кильде туғандар Санат:4 қазанда қайтыс болғандар Санат:1947 жылы қайтыс болғандар Санат:Гёттингенде қайтыс болғандар Санат:Германия физиктері Санат:Лоренц медалінің иегерлері Санат:Лондон корольдік қоғамының шетелдік мүшелері Санат:Санкт-Петербург ғылым академиясының мүше-корреспонденттері Санат:Ресей ғылым академиясының шетелдік мүшелері Санат:КСРО Ғылым Академиясының құрметті мүшелері Санат:Пруссия ғылым академиясының мүшелері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері Санат:Копли медалінің иегерлері Санат:Макс Планк медалінің иегерлері Санат:Папа ғылым академиясының мүшелері Санат:Берлин университетінің ректорлары