250 px|thumb 250px|right
Кеме өткізетін шлюз — өзен каналына орнатылған және су ағынын реттеуге, таратуға және толық немесе ішінара жабуға қызмет ететін қақпалармен жабдықталған гидротехникалық құрылым. Кеме өткізетін шлюз ұзына бойындағы қабырғалармен және қақпалармен (жапқыштармен) қоршалған камерадан тұрады. Кемені төменгі бъефтен жоғарғы бъефке көтеру үшін төменгі қақпа ашылғанда кеме камераға кіргізіледі, одан соң қақпа жабылып жоғарғы деңгейдегі бъефке дейін толған су деңгейімен бірге жоғары көтерілген кеме жоғарғы қақпа арқылы сыртқа шығарылады. Кемені жоғарғы бъефтен төменгі деңгейдегі суға түсіру үшін шлюздегі су деңгейі төменгі бъеф деңгейіне дейін төмендетілгенде кеме де төмен қарай түседі. Шлюз камерасының мөлшері жүк айналымына байланысты бір немесе екі қатарға тізілген есептелген бір кеменің немесе кемелер тобының габариті бойынша анықталады. Кеме өткізетін шлюз бір камералы, екі және көп камералы, бір және көп баспалдақты болады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Дереккөздер
Санат:Су шаруашылығы Санат:Каналдар