«Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілi» - Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1960 ж. жарық көрген монографиялық еңбек. Авторы - Қ. Жұмалиев. Еңбек кіріспеден, «Шоқан Уәлиханов», «Ыбырай Алтынсарин» атты тараулардан және абайтану мәселелеріне арналған үлкен 2 бөлімнен тұрады. Монографияда автор Абайдың өмірбаянына шолу жасап, ақынның қазақ халқының әлеуметтік, мәдени өміріндегі тарихи орнына баға береді. Ақын өлеңдерінің құрылысын зерттеп, қазақ әдебиетіне мазмұн, идея, тіл көркемдіктері жағынан енгізген жаңалықтарын ашып көрсетеді. Абай шығармашылығын қазақ әдебиетінің кейінгі кезеңдерімен байланыстыра талдайды. Көлемі 21,5 баспа табақ, 20 мың дана болып басылған.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Дереккөздер

Санат:Абай энциклопедиясы