Парасерпенититтер – орта және қышқыл интрузиялар гидротермаларының доломиттер мен доломиттенген әктастарға әсер етуінен қалыптасқан жапсар-метасоматоздық серпентинді таужыныстар. Апоультранегіздік серпениттерден (ортосерпентиниттерден) темірінің аздығымен және хромшпинелидтерінің жоқтығымен ерекшеленеді. Парасерпенититтермен хризотил-асбестің және жоғары сапалы темірсіз тальктің кендері байланысты.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003 жыл. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Дереккөздер
Санат:Геология