thumb|right|150px Вакуум сорғысы — вакуум жасау, оны жоғарылату және сақтау үшін қолданылатын құрылғы. Ол тұйық көлем (жүйе) ішінен газды немесе буды сорып шығару үшін қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсінідірме сөздігі. Кен ісі және металлургия. — Алматы, «Мектеп», 2003.
Өндірісте вакуум сорғысының су білезікті (ВВН), консоль (КВН), поршеньді, ротациялы, ағыншалық сорғы, жоғары вакуум алу үшін молекулалық және сынапты диффузиялық түрлері тараған. Мысалы, су білезікті вакуум сорғысының ПӘК-і 20—30 пайыздан аспағанымен, қажетті мезгілде аз уақытта ғана жұмыс істейтіндіктен жеткілікті болып саналады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп», 2002.
Вакуум сорғылардың ең көп өнімділігі минутына 25—150 м3. Жылжымалы станцияларда өнімділігі 4,2 м3/с және 11,5 м3/с вакуум сорғылары қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. — Алматы: «Мектеп», 2007.
Дереккөздер
Санат:Құрылғылар