Сливен — Болгариядағы қала, Сливен облысының әкімшілік орталығы.
нобай|Муниципалитет ғимараты
Тарихы
Қазіргі уақытта 2015 жылдан бастап Сливен қауымдастығының кметі (мэрі) - Стефан Николов Радев
нобай|Кітапхана
Халқы 2008 жылғы 15 қыркүйек сана5ы бойынша қала халқы 100 477 тұрғын.
нобай|Әулие София шіркеуі
Атақты тұлғалары Юлия Кристева (1941) — француз жазушы философ Кювлиев, Йордан (1877—1910) — болгар суретшісі Нораир Нурикян (1948) — белгілі ауыр атлет, жаттықтырушы, Болгарияның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы (1976), екі дүркін әлем (1972, 1976) және Олимпиада ойындарының чемпионы (1972, 1976), бес дүркін әлем рекордшысы. Никола Жеков (1865-1949) — әскери қолбасшы, жаяу әскер генералы (1936), әскери министр (1915), Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазіргі армияның бас қолбасшысы. Димитр Штилянов (1976) — боксшы, екі дүркін Еуропа чемпионы (2002, 2004). Иван Стоянов (1983) — футболшы. Азис (1978) — әнші, автор-орындаушы. Димитр Добрович (1865-1905) — грек суретшісі. Оның есімімен Сливен көркемөнер галереясы аталды. Панайот Хитов (1830-1918) — болгар ғайдыны, Болгариядағы түрік үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысты ұйымдастырушылардың және белсенді қатысушылардың бірі, әскери қолбасшы. Болгар халқының ұлттық батыры. Панайот Пондалов (1926-1984) — спортшы, волейбол жаттықтырушысы. Болгарияның ең ұлы волейболшыларының бірі. Сливен және Париж қалаларының құрметті азаматы. Цончо Родев (1926-2011) — жазушы, Сливен қаласының құрметті азаматы.
Қызықты мәлімет 2009 жылы 12 қыркүйекте, Воронеж қаласы күні Сливен қаласының делегациясы воронеждерге 1329 раушан гүлін сыйлады.
Санат:Болгария қалалары Санат:Алфавит бойынша елді мекендер