Қазақ әндерінің антологиясы - «Өнер» баспасынан 1990 ж. жарық көрген қазақ әндерінің 2 томдық жинағы. Құрастырғандар Ж. Кәрменов (1- т.) пен Ә. Нұрбаев (2-т.). Жинақтың халық әндері мен халық компзиторларының туындылары топтастырылған 1-томына белгілі әнші Ж. Кәрменов, ал бүгінгі қазақ композиторларының шығармалары енгізілген 2-томына М. Ахметова шағын алғы сөз жазып, әндердің бізге жету, жиналу және туу тарихына, көркемдік ерекшеліктеріне қысқаша шолу жасаған. Антологияның 1-кітабына Абайдың халық арасына кең тараған 12 әні енгізілген. Әр кітаптың көлемі 11 бет шамасында, әрқайсысы 250 000 дана болып басылған. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Дереккөздер

Санат:Абай энциклопедиясы