Протерозой эонотемасы Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2- кембрийге дейінгі таужыныстардың архей эонотемасын көмкеріп жатқан үстіңгі эонотемасы; әр түрлі дәрежеде метаморфтанған таужыныстардан тұрады; эонотема қимасының беткі өңірлерінде органикалық қалдықтар — көкжасыл балдырлар мен бактериялардың тіршілік белгілері ұшырасады; үш топқа жіктеледі, олар төменгі, ортаңғы және жоғарғы протерозой эротемалары (топтары) деп аталады.
Дереккөздер
Санат:Геология